«Тұғыры биік туған тіл» апталығы өз мәресіне жетті » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің " Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2026

«Тұғыры биік туған тіл» апталығы өз мәресіне жетті

Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ұйымдастырылған «Тұғыры биік туған тіл» атты апталық жоғары деңгейде өтті.

Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, әдебиетке қызығушылығын оятып, тіл мәдениетін дамыту болды.

Апталық аясында 5–9 сынып оқушылары түрлі танымдық және зияткерлік шараларға белсенді қатысып, өз білімдерін сынады. Викториналық ойындар, қызықты тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі ерекше байқалды. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиетінің маңызы туралы танымдық бейнероликтер көрсетіліп, тағылымды мәліметтер берілді.

Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлері мен білімдерін ортаға салып, ана тіліміздің қадір-қасиетін терең түсіне білді. Апталық соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, алдағы уақытта да осындай тағылымы мол шаралар жалғасын табатыны айтылды.

Ана тілі – ұлт рухының тірегі, ел болашағының негізі!