«Балдәурен-2026» Жазғы сауықтыру орталығының бағдарламасы
«БЕКІТЕМІН»
Октябрь шағыш жинақты негізгі орта мектебіКММ
директоры: Джазбаева Г.М
----------------------------------.
« Октябрь шағыш жинақты негізгі орта мектебі» КММ
жазғы сауықтыру
орталығының бағдарламасы
«Балдәурен-2026»
«Балдәурен-2026» бағдарламасы
Бағдарлама мазмұны:
1.Кіріспе.
2.Бағдарлама тұжырымдамасы.
3 | Глоссарий. |
4.Бағдарламаның мақсат-міндеттері.
5.Жаз мезгілінде оқушыларды сауықтыру және бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру түрлері.
6.Жазғы лагерь туралы ЕРЕЖЕ.
7.Іске асыру,жоспарлау кезеңдері.
8.Лагерьге жауаптылардың міндеттері.
9.Жазғы демалысты ұйымдастыру түрлері:
-мектепішілік сауықтыру лагері
Жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі комиссия:
1. Джазбаева Г.М .-мектеп директоры
2. Салбанова А.Т -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Шуйінщіноыв С.Б-қамқоршылық кеңесінің төрайымы
4. Жұмабекова Г.Ж.-кәсіподақ ұйымының төрайымы
5. Қуанышева Ә.Қ.-психолог
6. Әділбекова М.Ә -мектеп медбикесі
7 Силам Б -мектеп тәлімгері
- КІРІСПЕ
Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына,шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы сауықтыру лагері іске асырады.
Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі»КММ-нің балалар мен жасөспірімдер арасында жазғы сауықтыруды ұйымдастыруда көп жылдан бері қалыптасып келе жатқан тәжірибесі,өзіндік қолтаңбасы бар.
Бағдарламаны даярлауға балалардың жазғы демалысын,бос уақытын дұрыс,пайдалы өткізу,сауықтыруды ұйыдастыруға төмендегідей себептер болды:
- оқушылардың жазда ұйымшылдықпен жақсы тынығуларын ұйымдастыруды балалар мен ата-аналарының сұранысының көп болуын байланысты;
-болашақ жоспарлаудағы қалыптасқан жүйені реттеу қажеттілігінен;
-бүгінгі лагерь жұмысында бұрынғы жылдардағы лагерь жұмысының сабақтастығы сақталуы; -осы бағдарламаның мақсат,міндеттерін іске асыруда жасөспірімдер мен педагогтардың бай тәжірибелі шығармашылық іскерлігін, кеңінен пайдаланып,жұмыс жасау қажеттілігінен.Бұл бағдарлама бағытына қарай көркемдік-эстетикалық болып саналады, себебі оқушылардың көркемдік-эстетикалық дағдыларын дамытудың түрлі жоспарлы қызметі қамтылады,сауықтыру лагерінің жағдайына байланысты сауықтыру,тынығу,дұрыс демалып,тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастыры-лады.
Балалардың денсаулығын жақсартуға, сауықтыру мәселесі, ой –өрісін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыруға, гигиеналық және дене мәдениетін сақтауға;медициналық сақтандыру,спорттық, білім беру; мәдени демалу,күш-қуатын жақсартып, шығармашылықпен жұмыс атқару,азаматтық тәрбие, адамгершілікке, отаншылдыққа баулу, экологияны сақтауға балаларды тәрбиелеу бағдарлама- сын іске асыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған.
.БАҒДАРЛАМА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Денсаулығы жақсы,орнықты,адамгершіліг мол адам ғана белсенді өмір сүріп, түрлі қиындықтарды жеңіп,қызметінде жақсы табыстарға жетеді.Сол себептен ата-аналар мен педагогтарды денсаулығы мықты , шығармашылық қабілеті зор бала тәрбиелеу мәселесі көп алаңдатады.Балалардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына ,олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға педагогикалық ұжым үлкен мән береді.
Мектеп жанындағы «Балдәурен-2026» жазғы
жазғы сауықтыру орталығымақсат міндеттері.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балдәурен» сауықтыру бағдарламасы балалардың сапалы демалысын ұйымдастыруға, олардың тұлғалық, шығармашылық және әлеуметтік дамуын қолдауға, сондай-ақ физикалық және эмоционалдық саулығын нығайтуға бағытталған.
Мақсаты:
«Балдәурен-2026»жазғы сауықтыру орталығына келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:
- Лагерге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілікдене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
- Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
- Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
- Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
- Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.
Глоссарий
- бейімделу –бастауыш сынып оқушыларының, жаңа әлеуметтік ортаға, күн тәртібіне және қызмет түрлеріне икемделу процесі;
- бейімделу кезеңі – қатысушылардың психологиялық кірігуіне, лагерь ережелерімен танысуына, сенім атмосферасын, эмоционалдық жайлылық пен командалық өзара әрекеттестікті қалыптастыруға бағытталған ауысымның бастапқы кезеңі;
- тіршілік қауіпсіздігі – Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық, өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау арқылы қамтамасыз етілуі;
- тәлімгер – балалардың тыныс-тіршілігін ұйымдастыратын, олардың іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ететін, қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыратын, сондай-ақ тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайтын педагог;
- тәрбиеші –Балалардың тәртібі мен тәрбиесіне жауапты жетекші педагог.
- тәрбиелік қызмет – оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін, рухани-адамгершілік құндылықтарын, мінез-құлық мәдениетін және әлеуметтік маңызы бар тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған жүйелі ұйымдастырылған процесс;
- уақытша балалар ұжымы – ауысым кезеңіне қалыптастырылған, ортақ тұру, қызмет және қарым-қатынас жағдайларымен біріккен балалар тобы;
- салауатты өмір салты (бұдан әрі – СӨС) – денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, дұрыс тамақтануды, күн тәртібін сақтауды, тұрақты дене белсенділігін және зиянды әдеттерден бас тартуды қамтитын мінез-құлық ұстанымдары мен тәжірибелер жиынтығы;
- бағдарламаны іске асыру мониторингі – Бағдарламаның іске асырылу барысы, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты жинау, талдау және бағалау бойынша жүйелі қызмет;
- эмоционалдық жағдай мониторингі – қатысушылардың эмоционалдық жағдайын уақтылы анықтауға және тәрбиелік ортаны түзетуге бағытталған педагогикалық бақылау мен рефлексия жүйесі;
- ұлттық бірегейлік – қатысушылардың Қазақстан халқының мәдениетіне, тарихына, тіліне, дәстүрлеріне және рухани құндылықтарына қатыстылығын сезінуі;
- сауықтыру қызметі – балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға және салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
- лагердің жоспар-кестесі – білім беру, тәрбиелік және сауықтыру қызметінің мазмұнын көрсететін,бөлінген іс-шаралар тізбесін қамтитын құрылымдалған құжат;
- психологиялық сүйемелдеу – бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық саулығын қамтамасыз етуге, олардың лагерь жағдайына бейімделуіне жәрдемдесуге, стресстік жағдайлардың алдын алуға және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
- күн тәртібі – кәмелетке толмағандардың дамуы мен сауықтырылуына оңтайлы жағдай жасайтын, қызмет пен демалыстың әртүрлі түрлерінің ғылыми негізделген және нормативтік белгіленген кезектесуі;
- рефлексия – жеке тәжірибені, эмоционалдық жағдайды, жетістіктер мен ұжымдағы өзара әрекеттестікті ұғынуға бағытталған күн қорытындысын ұжымдық талқылау нысаны;
- ұжымдық шығармашылық қызмет технологиясы – ұжымдық істер мен шығармашылық жобаларды бірлесіп жоспарлауға, ұйымдастыруға, жүзеге асыруға және талдауға негізделген педагогикалық тәсіл;
- цифрлық қауіпсіздік технологиясы – цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын, дербес деректерді қорғауды және интернет-ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануды қалыптастыруға бағытталған білім беру іс-шаралары жүйесі;
- «Адал азамат» – адалдықты, жауапкершілікті, еңбекке құрметті, азаматтық белсенділікті, экологиялық сананы және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік тұжырымдама;
- «Жауапты азамат» – Қазақстан Республикасының жауапты, бастамашыл, мәдениетті және әлеуметтік белсенді азаматының моделін бейнелейтін тәрбиелік образ.
Әкімшіліктің лауазымдық міндеттері:
1.Мектеп жанындағы жазғы лагерін ашу туралы бұйрығын шығару(бұйрықта лагерь мерзімі,күнтізбесі,уақыты,режимін көрсету)
2. Кезеңдерге лагерь басшысын тағайындау(мұғалімнің аты-жөні)
3.Мектеп жанындағы жазғы лагері оқушыларының тізімін бекіту (аты-жөні,сыныбы)
4.Тәрбиешілер,медициналық қызметкер, музыка мұғалімін анықтап, лауазымдық міндеттерін бекіту.
Лагерь басшысының міндеттері:
1.Мектепішілік лагерьдің жұмыс жоспарын құру.
2.Күн тәртібін құру.
3.Лагерьге қатысты бұйрықтарды дайындау:
А) лагерьге жауаптылардың бұйрығы
Б)оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі туралы бұйрық
В)лагерьдің ашылуы туралы бұйрық
Г)экскурсияға шығу туралы бұйрық
4.Оқушылардың тамақтану табелін жүргізу.
5.Лагерь кезеңіне байланысты жұмыс істейтін қызметкерлердің санитарлық кітапшаларының дайын болуын қадағалау.
Тәрбиешілердің міндеттері:
1.Күнделікті жоспарланған іс-шараға дайындық жұмыстарын жүргізу.
2.Топ күнделігін жүргізу.
3.Оқушылармен өтілетін іс-шаралар кезінде оқушылардың өмірінің қауіпсіздігіне жауап беру.
4. Оқушылармен дене жаттығулары мен сергіту сәттерін ұйымдастыру.
5. Оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында ойындар,сайыстар ұйымдастыру,өткізу.
Жазғы сауықтыру орталығы туралы ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1.Жазғы сауықтыру орталығы туралы ЕРЕЖЕ 1-4 сынып оқушыларының арасында жазғы сауықтыру орталығынұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
2 Жазғы сауықтыру орталығыжазғы демалыс кезінде ұйымдастырылады.
3.Балаларды тамақтандыру ұйымдастырылады.
4.Тамақтануға (таңғы және түскі ас) ата-ана жарнасының сомасын мектептің қамқоршылық кеңесі және асхананы жалға алушы бекітеді, ол екі жақты шартта жазылады.
5.Мектептен тыс жерде кинотеатрларға, мұражайларға, көрмелерге және басқа да танымдық ойын-сауық іс-шараларына қосымша бару баланың заңды өкілдерінің қалауы бойынша жүргізіледі.
6 Өтілетін іс-шараларға, балалардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруға лагерь басшысы,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,тәлімгер,тәрбиешілер(бекітілген мұғалімдер) жауапты.
7.Мектеп аумағының санитарлық жағдайына директордың әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары жауапты болады.
8. Балалардың денсаулығына мектеп медбикесі жауапты болады.
9.Ата-аналар демалыстық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатыса алады.
Жазғы сауықтыру демалыс орталығының жұмыс уақыты келесі кестемен белгіленеді:
8.30-9.00. Балаларды қабылдау.
9.00-9.30. Саптық жиын.Таңертеңгілік жаттығу.
9.30-10.00. Таңғы ас.
10.00-11.30. Танымдық іс-шаралар.Спорттық белсенді ойындар.
11.30-12.00. Үйірмелік жұмыстар.(кітапхана тсс
12.30-13.00. Түскі ас.
13.30-13.20. Отырып ойналатын ойындар.Өтілген күнді қорытындылау. Рефлексия