Қол күрестен жүлдемен оралды
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қол күрестен аудан мектептері оқушылары арасындағы ІІ спартакиададан Октябрь мектебі жүлделі ІІ орынды иеленді. нәтижесінде 7 сынып оқушысы Манарбек Ботакөз, 9 сынып оқушысы Манат Ерсін І орын, 5 сынып оқушысы Манат Жансая, 6 сынып оқушысы Азат Ынта, 8 сынып оқушысы Қанат Парасат, 8 сынып оқушысы Жанатбек Есхат ІІ орын, 6 сынып оқушысы Ғайыпбек Еркебұлан ІІІ орынды қанжығасына байлады.