«Салауатты өмір – жарқын болашақ» онкүндігі өтті » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің " Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2026

«Салауатты өмір – жарқын болашақ» онкүндігі өтті

Аудан мектептерінде дене шынықтыру пәні бойынша ұйымдастырылған «Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты онкүндік өз деңгейінде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт пен ұлттық ойындарды насихаттау болды.

Онкүндік аясында түрлі спорттық жарыстар, эстафеталық ойындар, ашық сабақтар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің ептіліктері мен спорттық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, қозғалыс ойындары, музыкалық жаттығулар және интеллектуалдық ойындар өткізіліп, балалардың қызығушылығын арттырды.

Жарыстар барысында оқушылар ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтының маңызын терең түсінді. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, спортқа деген қызығушылықтарын одан әрі дамытуға мүмкіндік алды.

 Спорт – денсаулық кепілі, ал салауатты ұрпақ – ел болашағы!