13
январь
2020
Облыстық қазақ күресінің жүлдегерлері
11-12 қаңтарда Аякөз қаласында "2003-2004, 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен 2020 жылға арналған шығыс Қазақстан обысының Чемпионаты" өткізілді. Осы сайысқа мектебімізден 5 оқушы аудан атынан барып, аудан намысын қорғап келді. Әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша мектебіміздің 9 сынып оқушысы Куванбекова Ақжан ІІІ орын, 8 сынып оқушысы Дамеков Ерлік ІІІ орын иеленсе, 9 сынып оқушысы Мейрамбек Айым ІІ орын алып, сәуір айында Шымкент қаласында өтетін Республикалық Чемпионатқа жолдама алды. Біз оқушыларымызға бұдан да үлкен белестерден көріне беріңдер деп тілейміз!!! Осы оқушыларды дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, аудандық спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Досбосынов Ермек Ернұрұлынада алғысымыз шексіз.

