12
май
2025
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір – 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1. Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2. №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3. Өлшемі 3x4 см сурет (2 дана).
Ескерту: Өтініш демалыс және мереке күндері қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!