Мектептегі оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің " Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2025

Мектептегі оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру

Тегін тамақтану туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

      Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

 2024-2025 оқу жылына мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына  сәйкес 5-11 сынып  және ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 жарлығының ІІІ Әділетті қоғам бөлімінің 3.1 тармағының 77 тармақшасына сәйкес 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 


Асхана гигиеналық талаптарға сай. Арнайы ас мәзірі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай дайындалады. Ыстық тамаққа бару кестесі оқу процесіне кедергі келтірмейтіндей сабақ арасындағы үзілістерде ұйымдастырылған.