Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру туралы мәлімет
Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру мақсатында
жұмыстар жүргізіліп келеді. Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің шешімі негізінде 1-9сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайларына қарай ыстық тамақпен қамту жолға қойылған Жалпы мектеп бойынша 41 бала ыстық тамақпен қамтылып отыр Оның 15-і бастауыш сынып ,26-сы жоғарғы сынып оқушылары.Оқу жылының басында құрылған бракераждық комиссия,мониторинг комиссиясы жоспарлы түрде рейдттер жүргізіп,оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалап отырады.Комиссия мушелері шикі және дайын өнімдердің сапасын тұрақты бақылауда ұстайды.Асханадағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексереді.
Сонымен қоса сынып жетекшілер мен мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған.Оқушылардың тамақтануы тікелей мектеп дәрігері З.Төстікова тарапынан жіті қадағаланып, бақылауда.Оқу жылы бойындағы бекітілген апталық ас мәзірі мен перспективалық мәзірді үнемі тексеріп,бақылауда ұстап отырады. СанЕҚ талаптарына сәйкес бракераждық журналдары,денсаулық журналдары жүргізіліп отырады.
Оқушылар арасында дұрыс тамақтану туралы, тамақтың адам ағзасындағы маңызды ролі мен маңыздылығы туралы тәрбие сағаттары мен шараларда қарастылған.